ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

2026 жылдың 5 ақпанында «Қазақ Ұлтық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кадрларды даярлау бағыттары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестік – Жобаларды басқару тобының кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліс жұмысына 25 жоғары оқу орындарынан РОӘК ОӘБ мүшелері, жұмыс берушілер және сала ғалымдары қатысты.

Мәжіліс ОӘБ Кеңесінің Төраға орынбасары, Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары П. Ибрагимов басшылығымен жүргізілді.

✅Мәжілісте күн тәртібіне сәйкес қарастырылған мәселелер:

1. РОӘК «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кадрларды даярлау бағыттары бойынша ОӘБ-ЖБТ 2025 – 2026 оқу жылы құрамына өзгерістер енгізу туралы;

2. Еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіру және үздіксіз білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша ұсынымдарды талқылау;

3. Оқытудағы инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу бойынша ұсынымдар;

4. РОӘК ОӘБ грифін алуға оқулықтар мен оқу құралдарын ұсыну туралы.

✅Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша университеттің жетекші өкілдері баяндама жасады: "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, в.ғ.к. Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы, ауыл шаруашылығындағы білім беру бағдарламаларын өзектендіру бойынша баяндамасында білім беру бағдарламаларын өзектендіру - цифрлық трансформация жағдайында тиімді жұмыс істей алатын және азық-түлікпен қамтамасыз ете алатын мамандарды даярлаудың стратегиялық бағыты болып табылатынын атап өтті, сондай-ақ аграрлық саладағы білім беру бағдарламаларының ағымдағы жағдайына талдау жасай отырып, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы секторындағы білім беру бағдарламаларында туындап жатқанқан мәселелерді атап, шешу жолындағы заманауи талаптарға сай ұсынымдарды келтірді. "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ "Биологиялық қауіпсіздік" кафедрасының профессоры, в.ғ.к., Махашов Еділ өз сөзінде "Ветеринария" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын өзектендіру қажеттігін, сондай-ақ ветеринарлық мамандарды даярлауда бірыңғай деңгейді қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламаларының жоғары оқу орындары компоненттерін біріздендірудің маңыздылығын атап өтсе, "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ, "Орман шаруашылығы және жер ресурстары" факультетінің деканы, профессор, а-ш.ғ.к. Сәрсекова Дани Нұрғисақызы өз баяндамасында "Орман шаруашылығы" бағыты бойынша қолданыстағы білім беру бағдарламаларына талдау қорытындысы бойынша еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, оларды өзектендіру және үздіксіз білім беруді дамыту мақсатында бірқатар проблемаларды атап өтумен қатар, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарды келтірді. Атап айтқанда, жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында орман шаруашыл пәндерінің ғылыми негіздерін нығайту мақсатында «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» бағыты бойынша «Орман экожүйелері» атты жаңа пәнді енгізу, жасыл көшеттерді инвентаризациялау және сертификаттар беру арқылы дендропландарды әзірлеу бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, сондай-ақ студенттерді жатақханамен және жол ақысын қамтамасыз ете отырып, өндірістік тәжірибе базасын кеңейту ұсынылды.

✅Сондай - ақ, күн тәртінде білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері ұсынылды. "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ "Аграрлық техника және машина жасау" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Гүлмира Несіпбайқызы Скабаева баяндама жасап, аграрлық мамандарды даярлауда цифрлық технологияларды, жобалық және тәжірибеге бағдарланған оқытуды қолдану туралы айтса, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Биология және балық шаруашылығы» кафедрасы меңгерушісі, РhD Нұрғалиева Айман Қаллидуллақызы да инновациялық білім беру технологияларын енгізу және оқытудағы пәнаралық тәсілдер туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

✅Күн тәртібінде сондай-ақ Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің Оқу-әдістемелік бірлестігінің грифін тағайындау арқылы оқулықтар мен оқу құралдарын баспадан шығару үшін ұсынылған оқу басылымдарын қарап, талқылады. РОӘК ОӘБ мүшелері оқу басылымдарының жаңартылған білім беру стандарттары мен жоғары білім беру талаптарына сәйкестігін талқылады.

✅РОӘК отырысының қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және үздіксіз білім беру жүйесін дамытуға бағытталған ұсынымдар қабылданды, бұл Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ветеринария саласы үшін бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлауға ықпал ететін болады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник