ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ МЕН ГАЖ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУ – ҚАЛАЛЫҚ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

2026 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен елімізде ғылымды дамыту және ел өңірлерінің экономикасы мен түрлі салаларын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Күрішбаев А.Қ. өз баяндамасында Алматы қаласының жасыл қорын дамытудың цифрлық платформасы туралы атап өтті.

✅Жерді қашықтықтан зондтау әдістері негізінде жасыл желектерді есепке алуды цифрландыру және ГАЖ-деректер базасын құру ағаштар құрамының, олардың санитарлық жай-күйінің жүйелі мониторингін, осыған байланысты жасыл желектерді күтіп-баптау және қорғау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді.

✅Sentinel және Landsat спутниктік түсірілімдерін, пилотсыз ұшатын аппарат (ПҰА) арқылы алынатын деректерді және олардың алгоритмдерін пайдалану жасыл желектерді түгендеп-санау, векторлық және интерактивті карталар жасауға мүмкіндік береді. Бұл ағаштардың жай-күйiн бақылауды автоматтандырады және жердегi әдiстермен салыстырғанда есепке алу процестерiн едәуiр жеделдете отырып, қажеттi орманшылық iс-шараларын белгілеуді қамтамасыз етеді.

✅Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) әдістерін пайдалану оптикалық, инфрақызыл және радиолокациялық деректерді (Sentinel, Landsat және т.б.) қолдануды және қала аумақтарының өзекті суреттерін алу үшін ПҰА-дан алынған ірі масштабты аэрофотосуреттерді қамтиды. Автоматтандырылған дешифрлеу және векторлау алгоритмдері жасыл желектердің контурларын, олардың түрлері мен жалпы сипаттамаларын автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір ағаш-бұталар, газондар мен гүлзарларға таксация жүргізілгеннен кейін барлық ақпарат жасыл желектердің тРеестрі түрінде географиялық деректер базасына енгізіледі, бұл әрбір объектіні сандық паспорттауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, ЖҚЗ әдістерін енгізу жасыл желектер аумағанының өзгеруін және олардың жай-күйін тұрақты бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

✅ «Алматы қаласындағы жасыл желектер тізіліміне таксациялық мәліметтерді енгізу біздің жобамыздың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Реестрді толтырумен Қазақ ҰАЗУ-нің жоба бойынша серіктесі болып табылатын «EcoAlmaty» ЖШС айналысады және осы процесті жеделдету мақсатында Университет басшылығы тарапынан осы бағытқа көмек ретінде 5 жұмыс орны бөлінді. Нәтижесінде бүгінгі таңда Реестрді толтырумен жобаның таксаторлары ретінде жұмыс тәжірибесі бар 11 оператор айналысады», - деп атап өтті жоба жетекшісі Талғат Кертешев.

✅ «2026-2030 жылдарға арналған Алматы қаласының жасыл қорын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлей отырып, оларды түгендеу және орман патологиялық зерттеу негізінде Алматы қаласының жасыл желектерінің сапалық жай-күйін бағалау» атты екі жылдық жобасын Қазақ ҰАЗУ «Алматыгенплан» ҒЗИ және «EcoAlmaty» ЖШС-мен бірлесіп іске асыруда. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының тікелей үйлестіруі арқылы жүзеге асырылуда.

✅Жобаның басты мақсаты жасыл желектерді таксациялау мен жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, оларды түгендеу және орман патологиялық зерттеу негізінде Алматы қаласының жасыл желектерінің сапалық жай-күйін бағалау, Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау, күтімдік және кесу жөнінде ұсынымдарды енгізе отырып, қаланың жасыл желектерінің қолданыстағы дерекқорын өзектендіру болып табылады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник