ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU-да «МЕНТАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ – 2026» АПТАЛЫҒЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

KazNARU-да  2026 жылғы 9 ақпанда университеттің «Harmony» психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Менталды денсаулық – 2026» апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара студенттер мен қызметкерлердің психологиялық саулығын нығайтуға, эмоционалдық тұрақтылықты арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Бұл іс-шара "QURMET" ақпараттық науқанының мазмұнымен де байланысты болғандықтан, адамның жеке шекарасы, өзара қолдау көрсетудің менталды денсаулыққа әсері қарастырылды.
Ашылу салтанатында Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ералиева Асима Шанбаевна құттықтау сөз сөйлеп, жастардың менталды денсаулығы тұлғалық дамудың маңызды көрсеткіші екеніне тоқталды. Сондай-ақ рухани кемелденген, психологиялық тұрғыдан орнықты, жауапкершілігі жоғары әрі әлеуметтік бейімделген маман даярлаудың өзектілігін атап өтті.
Шараға арнайы қатысқан Алматы қаласы «Жастар денсаулығы» орталығының клиникалық психологы Керимова Кристина Александровна студенттерге психологиялық қолдау көрсету мен олардың өмірлік бағыт-бағдарын дұрыс айқындау, өзін-өзі тану және эмоциялық мәдениетті дамытуға бағытталған іс-шараларды бірлесе өткізудің маңыздылығына назар аударды.
Салтанатты шарада «Harmony» психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі Кольбаева Динара Достаевна, сондай-ақ психолог-мамандар Нұржанқызы Сая мен Мыңбай Әлішер апталықтың мақсат-міндеттерімен, бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар писхологтар тарапынан креативті форматта ұйымдастырылған интерактивті ойындар мен сергіту жаттығулары жиналғандардың жоғары белсенділігі мен қызығушылығын тудырды.
9–13 ақпан аралығында өтетін апталық аясында психоэмоционалдық реттеу, стресске төзімділік, өзін-өзі басқару, жеке шекараларды сақтау және өмірлік тепе-теңдік тақырыптарында тренингтер мен семинарлар, ашық дәрістер, факультетаралық квест-викторина, мақсат айқындауға арналған тренингтер, студенттік жатақханаларда кинокештер, сондай-ақ «Progress» клубының ұйымдастыруымен мәдени-танымдық кездесулер өткізу жоспарланған.
Апталық барысында «Almaty Clinic» жанындағы Жастар денсаулығы орталығының психологтары да студенттерге арналған профилактикалық дәрістер өткізуге белсенді түрде атсалысатын болады.
Қосымша ақпарат: Harmony психологиялық қолдау көрсету қызметі 1А корпус, 28 кабинет, Instagram: @psychology_kaznaru
Тел: +7 (777) 684-43-23; +7 (705) 161-28-97

---------Chatbot---------
виртуальный помощник