KazNARU-да «ВОЛОНТЕРЛЕР ЖЫЛЫ: ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ВОРКШОП ӨТТІ
2026 жыл «Халықаралық волонтерлер жылы» аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Волонтерлер жылы: қоғамға қызмет пен жауапкершілік» тақырыбында мазмұнды воркшоп ұйымдастырылды. Іс-шара Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисі мен “The First” волонтерлік ұйымының бірлесуімен өтті.
Воркшоптың негізгі мақсаты – волонтерлік қызметтің қоғамдағы маңызын ашу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және жастарды әлеуметтік белсенділікке ынталандыру. Шара барысында волонтерліктің тек көмек көрсету ғана емес, қоғам дамуына үлес қосатын саналы таңдау екені атап өтілді.
Ресми ашылу бөлімінде сөз сөйлеген Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі, “The First” волонтерлік ұйымының негізін қалаушы Нүрдәулет Қымбат Жәділқызы волонтерлік қозғалыстың қазіргі даму бағыттарына тоқталып, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисінің менеджері, “The First” волонтерлік ұйымының атқарушы директоры Оспанова Адем Асетқызы волонтерлік жобалардың әлеуметтік маңызы мен оларды іске асырудағы жауапкершілік туралы ой бөлісті.
Негізгі бөлімде қатысушылар ұсынылған жобаларды талқылап, волонтер болудың тәртіп, тұрақтылық және командамен жұмыс істеу секілді маңызды құндылықтарды қалыптастыратынын атап өтті.
Шара соңында волонтерлік қызметтің қоғам үшін маңыздылығы тағы бір мәрте айқындалып, 2026 жыл волонтерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен игі бастамаларға толы болатынына сенім білдірді.

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)