«МЕНТАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ – 2026»: ИНТЕРНЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ АШЫҚ ЛЕКЦИЯ ӨТТІ
2026 жылғы 10 ақпанда университетімізде “Harmony” Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Менталды денсаулық – 2026» апталығы аясында «Психологсыз психология: интернет бізге көмектесе ме? Google, TikTok немесе ChatGPT?» тақырыбында ашық лекция өтті.
Іс-шара студенттердің заманауи ақпараттық кеңістікте психологиялық көмек іздеу ерекшеліктерін түсіндіруге, интернеттегі психологиялық контенттің пайдасы мен қауіптерін ажырата білуге, сыни ойлау дағдыларын дамытуға және кәсіби психологиялық көмектің маңызын ұғындыруға бағытталды.
Ашық лекцияны қызмет жетекшісі Кольбаева Динара Достаевна ашып, апталықтың басты мақсаты – жастардың психологиялық сауаттылығын арттыру, эмоционалдық мәдениетін қалыптастыру және саналы түрде көмекке жүгіну дағдысын дамыту екенін атап өтті.
Лекция спикерлері ретінде Almaty Clinic жанындағы Жастар денсаулығы орталығының клиник психологтары Керимова Кристина Александровна және Сайпова Айжан Фарахадқызы сөз сөйлеп, интернет кеңістігіндегі психологиялық кеңестердің ерекшеліктері туралы кәсіби пікірлерімен бөлісті.
Мамандар студенттермен бірге интернеттегі психологиялық кеңестердің сенімділігі, өзін-өзі диагностикалаудың шектеулері, әлеуметтік желідегі «псевдопсихологияның» қауіптері және қандай жағдайда міндетті түрде маман көмегіне жүгіну қажеттігі сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, шынайы психологиялық қолдау мен онлайн-контенттің айырмашылығы түсіндіріліп, қатысушылардың өз тәжірибелерімен бөлісуіне мүмкіндік берілді.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, студенттер сұрақтар қойып, нақты өмірлік жағдайларды талқылауға белсенді қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар психологиялық көмекке жүгінуден қорықпау, интернеттегі ақпаратты сыни тұрғыдан саралай білу және өз менталды денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі жөнінде маңызды қорытындылар жасады.
Қосымша ақпарат:“Harmony” Психологиялық қолдау қызметі
1А корпус, 28-кабинет
Instagram: @psychology_kaznaru
Тел.: +7 (777) 684-43-23; +7 (705) 161-28-97

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)