БӘСЕКЕ МЕН БІРЛІК ТОҒЫСҚАН «FOCUS GROUP» АЛАҢЫ. ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ QUEST “FOCUS GROUP” КВЕСТ-ВИКТОРИНАСЫ
2026 жылғы 11 ақпан күні «Менталды денсаулық – 2026» апталығы аясында «Harmony» психологиялық қолдау қызметі мен Progress студенттік клубының ұйымдастыруымен факультетаралық Quest “Focus group” квест-викторинасы өтті. Іс-шара №1А ғимаратының 22, 23, 28, 29 аудиторияларында ұйымдастырылды.
Квест барысында студенттер бірнеше локация бойынша арнайы тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау, зейін шоғырландыру, стресс жағдайында шешім қабылдау және командалық өзара әрекет дағдыларын көрсетті. Сұрақтар менталды денсаулық тақырыбын қамтып, қатысушылардың психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Ойын жоғары қарқынмен әрі қызықты форматта өтіп, факультеттер арасындағы достық бәсекелестік атмосфера қалыптасты. Қорытындысында белсенді қатысқан командалар марапатталып, алғыс хаттар табысталды.
Қосымша ақпарат:
“Harmony” Психологиялық қолдау қызметі
1А корпус, 28-кабинет
Instagram: @psychology_kaznaru
Тел.: +7 (777) 684-43-23; +7 (705) 161-28-97
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
