ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ЖАҢА АЛЛЕРГИЯЛЫҚ PollenVax ВАКЦИНАСЫ: ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ САЯСАТЫ АЯСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ҮЛГІСІ

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ғылыми-техникалық кеңестің отырысында ғылыми зерттеулерді бағалау жүйесінде жаңа басымдықтар айқындалды. Енді ғылым тек есеп пен жарияланым үшін емес, нақты клиникалық практикаға енгізілетін нәтижелерімен бағаланатын болады.
 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ғылыми нәтижелер мен денсаулық сақтау саласының нақты қажеттіліктері арасындағы жүйелі алшақтық мәселесін тікелей атап өтті. Оның айтуынша, егер әзірлеме пациентке жетпесе, бұл ғылыми жүйенің өз функциясын толық орындамай отырғанын білдіреді.

Осы тұрғыда ҒТК отырысында клиникалық зерттеу сатысындағы әзірлемелерге ерекше назар аударылды. Солардың қатарында жусан тозаңынан туындайтын аллергиялық ринит пен бронхиальды астманы емдеуге арналған аллерген-спецификалық иммунотерапияға арналған жаңа рекомбинантты вакцина — PollenVax бар.

PollenVax препараты I фаза клиникалық зерттеуінен сәтті өтіп, келесі нәтижелерді көрсетті:
• жақсы көтерімділік;
• қолайлы қауіпсіздік профилі;
• ауыр жағымсыз құбылыстардың болмауы;
• жоғары иммуногендік.
 
Бұл – тек ғылыми жарияланыммен шектелетін теориялық жоба емес. PollenVax — жусан тозаңына қарсы клиникалық сынақ кезеңіне жеткен әлемдегі алғашқы рекомбинантты аллергиялық вакцина.

Қазақстан үшін бұл әзірлеменің маңызы ерекше. Жусан тозаңы еліміздегі маусымдық аллергияның негізгі себептерінің бірі болып табылады. Сондықтан тиімді иммунотерапияны әзірлеу денсаулық сақтау жүйесі үшін стратегиялық мәнге ие: ол науқастардың өмір сапасын жақсартуға және медициналық мекемелерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті үшін PollenVax вакцинасын әзірлеу мен клиникалық кезеңге ілгерілету — университеттің қолданбалы, нәтижеге бағытталған зерттеу орталығына айналып келе жатқанының айқын дәлелі.

KazNARU ғылымды нақты секторға енгізу моделін көрсетуде: зертханалық зерттеуден бастап клиникалық тәжірибеге дейінгі толық циклді қамтамасыз етіп, қоғам үшін маңызды медициналық шешімдер ұсынуда.

Келесі қадам — жобаны кеңейту, клиникалық зерттеулердің II–III фазаларына көшу және әзірлемені ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне интеграциялау.

 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник