KazNARU МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАПСЫРЫЛДЫ
2026 жылғы 20 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті акт залында қысқы магистратура түлектеріне диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. Айтулы шараға оқу орнының басшылығы, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы, ата-аналар мен түлектер қатысып, жас мамандардың өміріндегі маңызды сәттің куәсі болды.
Салтанатты жиынды KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Пірімқұл Шолпанқұлұлы Ибрагимов ашып, бітіруші түлектерді құттықтады. Ол өз сөзінде университеттің заманауи білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалары аясында сапалы білім алған магистрлерге зор сенім білдіріп, алдағы кәсіби жолдарында табыс тіледі.
«Жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы ҚазҰАЗУ өз тарихында тұңғыш рет «QS Sustainability Rankings» халықаралық рейтингінде әлемнің үздік ТОП-700 жоғары оқу орнының қатарына еніп, Орталық Азияда 6-орынға көтерілді. Ал беделді Times Higher Education World University Rankings 2026 (THE) рейтингінде 1500+ санатына кіріп, Қазақстанның үздік бес жоғары оқу орнының қатарына енді. Бұл көрсеткіштер жоғары білім беру сапасы мен білікті кадрлар даярлаудың биік дәрежеде жүргізілетінін тағы да растайды. Магистратура – бұл үш деңгейлі жоғары білім беру жүйесінің екінші деңгейіне саналады, әрі кең және тереңірек білім алған білікті мамандарды тәрбиелеп шығарады. Сіздер осында алған білімідеріңізді өмірде жүзеге асыра отырып, жетістікке жете алатындарыңызға сенімдімін. Жаңа Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Алдағы асуларыңыз бен жолдарыңыз жарқын болсын!», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.
«Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасының магистранты Заирова Гузеля түлектер атынан сөз сөйлеп, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамына сапалы білім мен тағылымды тәрбие бергені үшін шынайы алғысын білдірді.ілім мен ғылым жолыбнда табандылығымен ерекшеленген үздік түлек.
Шара соңында университет студенттері арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, магистр атанған жастарды әсем ән мен көтеріңкі көңіл күймен құттықтады.
Магистр дәрежесін иеленген түлектерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алға қойған мақсат-мұраттарына жетулеріне, кәсіби жолда биік белестерді бағындыруларына тілектестігімізді білдіреміз!

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)