ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«ЖАҢА КІТАПТАР» КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

2026 жылдың 16–17 ақпан күндері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасы «Жоғары бизнес және құқық мектебі» факультетінде «Жаңа кітаптар», «Новые книги», «New books» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрме аясында кітапхана қорына жаңадан түскен 221 оқулық пен оқу құралы, сондай-ақ 48 оқу-әдістемелік құрал көпшілік назарына ұсынылды. Ұсынылған әдебиеттер экономика, менеджмент, қаржы, құқық және кәсіпкерлік бағыттары бойынша білім алушылардың оқу үдерісін қамтамасыз етуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдауға арналған.
Іс-шараға барлығы 112 оқырман қатысты. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы жаңа басылымдарға жоғары қызығушылық танытып, әдебиеттердің өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, факультет ұжымы жаңа түсімдер көрмесін дәстүрлі түрде ұйымдастырғаны үшін Ғылыми кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Мұндай көшпелі көрмелер факультеттің оқу-әдістемелік базасын жаңартуға, білім сапасын арттыруға және кітапхана мен факультет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник