«ЖАҢА КІТАПТАР» КІТАП КӨРМЕСІ «ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР РЕСУРСТАРЫ» ФАКУЛЬТЕТІ ҮШІН ӨТТІ
2026 жылдың 11–12 ақпан күндері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасында «Жаңа кітаптар», «Новые книги», «New books» атты кітап көрмесі «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің оқытушылары мен студенттері үшін ұйымдастырылды.
Көрме барысында кітапхана қорына жаңадан түскен 178 оқулық, 72 оқу құралы және 287 оқу-әдістемелік құрал көпшілік назарына ұсынылды.
Қатысушылар жаңа басылымдарға үлкен қызығушылық танытып, олардың оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастырғаны үшін кітапхана ұжымына алғыс білдірілді.
Мұндай көрмелер факультеттің оқу-әдістемелік базасын жаңартуға және мамандар даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)