ҚОЙ СҮТІ: ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕНІ ҰШТАСТЫРҒАН АШЫҚ САБАҚ
2026 жылдың 24 ақпанында «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының профессоры Кулатаев Бейбіт Турганбекович 6В08201 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы білім беру бағдарламасының ТППЖ-22-01К тобының студенттеріне «Қой және ешкі шаруашылығы» пәні бойынша «Қой сүті» тақырыбында дәріс сабағына арналған ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың кіріспе бөлімінде халық арасында қой сүті туралы шағын интервью ұйымдастырылып, тұрғындардың бұл өнімге деген көзқарасы, қолдану аясы және пайдасы туралы пікірлері тыңдалды. Бұл тәсіл сабаққа қызығушылықты арттырып, тақырыптың өмірмен байланысын көрсетуге мүмкіндік берді.
Дәріс барысында тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді. Видеоматериалдарда қойларды сауу технологиясы, заманауи сүт фермасының жұмысы, сүтті алғашқы өңдеу кезеңдері және қой сүтінен ірімшік өндіру үдерісі көрсетілді. Бұл студенттердің теориялық білімін нақты өндірістік мысалдармен байланыстыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар практикалық бөлім ретінде қой сүті әкелініп, студенттерге дегустация ұйымдастырылды. Дегустация барысында студенттер сүттің дәмі, иісі, консистенциясы және майлылығы бойынша өз пікірлерін білдіріп, теориялық мәліметтермен салыстырмалы талдау жасады. Бұл әдіс олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, кәсіби көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
Дәріс соңында студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту және сабақтың нәтижесін бағалау мақсатында «QUIZIZZ» оқыту платформасында интерактивті викториналар өткізілді.
Дәрісті қорытындылай келе қой сүтінің жоғары қоректік құндылығы, оның технологиялық маңыздылығы және отандық мал шаруашылығында дамыту мүмкіндіктері атап өтілді. Ашық сабақ студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға және кәсіби ойлау қабілетін дамытуға бағытталды.
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)