ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Діни-экстремизм және терроризмге қарсы: алдын алу шаралары

 

Жоспарға сәйкес «Діни-экстремизм және терроризмге қарсы: алдын алу шаралары» тақырыбы бойынша тәрбие сағаты 2026- шы жылы ақпанның  26- сы күні, 10 – шы ғимарат, 118 ші аудиторияда өтті. Ұйымдастырған «Н.О. Базанова атындағы жануарлар биологиясы» кафедрасы топ тәлімгерлері Жылкышыбаева М.М., Несіпбаева А.К., Шытырбаева З.А., Бердалина А.Ж. Қатысқандар: 24-10; 24-17; 25-12; 25-13; 25-14 топ студенттері.

Кездесуде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, магистр, дінтанушы Абдуллаев Нұржан Қыдыралиевич сөз сөйлеп, дәріс жүргізді және Алматы қаласы дін істер басқармасы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Аубакирова Айдана Толегенқызы, діни-экстремистік ағымдардың негізгі белгілерін ашып айтып, одан аулақ болуды түсіндірді. Зайырлы мемлекеттің артықшылықтарын айқындап, көрсетіп берді.  

---------Chatbot---------
виртуальный помощник