ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Гидрохимиялық зерттеулердің заманауи әдістері: KazNARU студенттеріне арналған ашық есік күні

26 ақпан 2026 жылы «БШ ҒӨО» ЖШС бас бөлімшесінің гидроаналитика зертханасының қызметкерлері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті 2 және 3 курс студенттері үшін ашық есік күнін ұйымдастырды. Қатысушыларға «Гидрохимиялық зерттеулердің заманауи әдістері» тақырыбында офлайн форматта ғылыми-ақпараттық семинар өткізілді.
Семинар ұйымдастырушылары:
Долгополова С.Ю. – гидроаналитика зертханасының меңгерушісі,
Мукатай А.А. – ғылыми қызметкер,
Бектуров Д.С. – ғылыми қызметкер.
    Семинардың мақсаты — орталығымыздың ғылыми қызметімен таныстыру және гидроаналитика зертханасының теориялық және практикалық зерттеу әдістерін көрсету.
Семинардың негізгі мәселелері:
•Далалық және зертханалық жағдайларда гидрохимиялық зерттеулер жүргізу әдістері;
•итриметриялық және спектрофотометриялық әдістер арқылы зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша практикалық сабақ.
     Семинар аяқталғаннан кейін қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, студенттермен пікірталас өткізілді, гидрохимиялық зертханалық зерттеулердің базалық дағдылары қалыптастырылды. Қатысушылар алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық білдірді.
 
«Орман ресурстары, аңшылықтану
және аквакультура» кафедрасы
аға оқытушысы - Искакова Г.О.
ассистент - Дүйсенбекова Г.Г.

 

 

 

 

 

   

---------Chatbot---------
виртуальный помощник