1 Наурыз алғыс айту күніне орай «Ризашылық пен алғыс» атты іс-шара
«Ветеринария және Зооинженерия» факультетінде 27.02.2026 ж. күні, «Н.О. Базанова атындағы Жануарлар биологиясы» кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Бердалинаның тәлімгерлік Вет-25-13К және Вет-24-17Р топтарының ұйымдастыруымен 1 Наурыз алғыс айту күніне орай «Ризашылық пен алғыс» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
- Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру
- Білім алушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
- Білім алушыларды үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым -қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында 1 Наурыз алғыс айту күнінің қысқаша тарихы айтылып, би билеп, әндер шырқалды. Сонымен қатар, топ студентерінің алғыстары жолданған бейнебаяндары тыңдалды.
Іс-шараға «Н.О.Базанова атындағы Жануарлар биологиясы» кафедрасының меңгерушісі Джанабекова Г.К. және факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен факультет білім алушылары қатысып, топтың белсенділігі мен өнеріне жоғары баға берді.
Аталған іс-шараны 1 курс, Вет-25-13К және 2 курс Вет-24-17Р топтарының студенттері жоғары деңгейде ұйымдастырып, жауапкершілігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Топ тәлімгері А.Ж. Бердалина студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесіне ерекше мән беріп, іс-шараның мазмұнды өтуіне үлкен үлес қосты.