«Цифрлық экономикадағы инновациялық басқару үлгілері» тақырыбындағы олимпиадада жеңімпаздары атанды.
Құрметті әріптестер!
Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Экономика және бизнес» жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасы ұйымдастырған IX халықаралық қашықтықтан оқыту форматындағы «Цифрлық экономикадағы инновациялық басқару үлгілері» тақырыбындағы олимпиадада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Менеджмент» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінен құралған команда III дәрежелі дипломның жеңімпазы атанды. Kaz Naru Hseb KazNU
Бұл жетістік — студенттердің білімге деген талпынысының, кәсіби дайындығының және оқытушылардың сапалы еңбегінің нәтижесі.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа ғылыми және білім беру жетістіктеріне жете берулеріңізге тілектеспіз!