KazNARU ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
2026 жылдың 11 наурызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытындағы онлайн және офлайн форматтағы кездесу өтті. Іс-шара Басқарма Төрағасы–Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлының бастауымен өтті.
Кездесуге Қостанай облысының 432 мектебінен 5134 мектеп бітіруші түлектер онлайн форматта қосылды. Сонымен қатар жиынға қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорлары, сынып жетекшілері, кәсіби бағдар беруші педагогтер, KazNARU басқарма мүшелері, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.
Қостанай облысы Білім басқармасының басшысы Ибраева Айман Елемановна қолдауымен жоспарланған іс-шара мәресіне жетті.
Іс-шараны Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, жүргізіп, талапкерлерге ҰБТ тапсыруда және оқуға қабылдау талаптары мен ережелері, білім беру бағдарламалары және оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.
Сонымен қатар, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері KazNARU-дың білім беру бағдарламалары, халықаралық серіктестіктері, академиялық ұтқырлық және екі диплом бағдарламалары таныстырылды.
«Әскери» кафедрасының бастығы, запастағы полковник, PhD Әділбеков Еркін Қорабайұлы әскери кафедраға қабылдау ережелері мен талаптары туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол биылғы жылы құжат қабылдау үдерісіне бірқатар жаңашылдықтар енгізілгенін атап өтіп, талапкерлердің құжаттарын eGov жеке кабинеті арқылы онлайн түрде тапсыра алатынын жеткізді. Бұл өзгеріс студенттерге уақытты үнемдеп, құжаттарды ыңлайы, әрі жедел түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді.
«Жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының үйлестірушісі Ермеков Фараби Керімбайұлы қазіргі заманда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, университеттің осы бағыттағы инновациялық мүмкіндіктері мен халықаралық тәжірибеге негізделген оқу процесі туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, бұл бағдарлама бойынша білім алатын студенттерге кең мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтқанда, студенттер Қытай Халық Республикасында білім алу мүмкіндігіне ие бола алады. Ол үшін қытай тілін алдын ала білу міндетті емес, себебі алғашқы 1-2 жыл университетте білім ала отырып, тегін қытай тілі курстарынан өтеді, ал 3-4 курсқа келгенде Қытайда оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады.
Университеттің әлемнің жетекші аграрлық зерттеу университеттерімен ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастығы туралы айтылды.
Іс-шара барысында факультет декандары мен осы облыстан келіп, оқып жатқан студенттер сөз сөйлеп, білім беру бағдарламалары мен студенттік өмірдің мүмкіндіктері туралы атап өтіп, KazNARU оқуға шақырды.
Кездесу соңында мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауаптарын алды.
Іс-шара қорытындысында KazNARU Қабылдау комиссиясы талапкерлер мен олардың ата-аналарына үздіксіз, жүйелі кеңес беруге дайын екені атап өтілді.
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)