KazNARU РЕКТОРЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ
.jpg)
«Бізге ең алдымен тұрақтылықты қамтамасыз ететін мықты мемлекеттік иммунитет қажет. Экономикамыз ғылымға, инновацияға және білімге негізделуі тиіс. Бұл – өте маңызды. Ол үшін мемлекеттік заңдарымыз берік болуы қажет. Ең бастысы, Ата Заңымыздың қазіргі заман талаптарына сай болуы айрықша маңызды», – деді ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті, академик Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев
Референдум – ел дамуының маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл күні әрбір азамат мемлекет болашағына қатысты өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік алды.

Дереккөз: ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы (Facebook): ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРДІМ!
Айта кетейік, Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғимаратында №378 референдум учаскесі жұмыс істейді. Бұл жерде Медеу ауданының тұрғындары тіркелген мекенжайы бойынша дауыс бере алады. Учаскеде дауыс берудің ашық әрі ыңғайлы өтуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
Азаматтар өздерінің референдум учаскесін анықтап, референдумға қатысты жаңалықтармен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында таныса алады: https://www.election.gov.kz/
KazNARU баспасөз қызметі