ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

14 Наурыз – Көрісу күні!

14 Наурыз – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі мерекелерінің бірі – Көрісу күні. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, амандасып, «Бір жасыңмен!» деп жылы тілектер айтып, татулық пен сыйластықты нығайтады. Көрісу дәстүрі халықтың бірлігі мен өзара құрметін білдіретін маңызды мәдени құндылық болып саналады.
Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл мереке көшпелі өмір салтымен байланысты қалыптасқан. Қыстан аман шыққан халық көктемнің келуін қуанышпен қарсы алып, бір-бірінің жағдайын сұрап, қауышқан. Осылайша, Көрісу күні адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстарды күшейтетін маңызды дәстүрге айналған.
Осы мерекеге орай факультет ұжымы мен профессорлық-оқытушылар құрамы бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Бұл игі шара ұжым арасындағы ынтымақтастықты арттырып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеудің жарқын көрінісіне айналды.

"IT -технология" кафедрасы.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник