ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

BAUYRSAQ PARTY: KazNARU-да ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің студенттері ұйымдастыруымен «Bauyrsaq party» мерекелік іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеу, сондай-ақ студенттердің өзара ынтымақтастығын нығайту.
Мерекелік бағдарлама аясында қатысушылар ауызашар жасап, ұлттық тағамдардан дәм татты. Ақ дастархан басында өткен басқосу барысында студенттер ұлттық тағамдардың мән-мағынасы мен олардың мәдениеттегі орны туралы пікір алмасты.
Іс-шара достық әрі рухани бай атмосферада өтіп, қатысушыларға ұлттық дәстүрлерді тереңірек тануға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мұндай форматтағы кездесулер жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын күшейтуге ықпал етеді.
Бауырсақ – қазақ халқының дастархан мәдениетінде береке мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың нышаны ретінде ерекше орын алады. Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы ұлттық мұраның сабақтастығы қамтамасыз етіліп, жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне серпін беріледі.
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник