ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU-да ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН ЖАРЫСТАР ӨТТІ

✅ Наурызнама күнтізбесіне сәйкес 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ұлттық ойындардан кең көлемді жарыстар ұйымдастырылды.
✅ Мерекелік шара барысында қатысушылар тоғызқұмалақ, қол күресі, арқан тарту, гір көтеру, бес тас және асық ойындары бойынша бақ сынап, өзара мықтыларды анықтады. Бұл сайыстар жастардың ептілігі мен шымырлығын, күш-қайраты мен тапқырлығын айқын көрсетті.
✅ Ұлттық спорт – халқымыздың рухани болмысы мен мәдени мұрасының жарқын көрінісі. Осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырып, салт-дәстүрге сүйіспеншілікті және салауатты өмір салтына қызығушылықты қалыптастырады.
✅ Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
✅ Наурыз мерекесінің әр күні ерекше әсерге толы, есте қаларлық сәттермен өрілуде.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник