ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Түркменстаннан келген студенттерге ҚР Ұлттық музейіне ғылыми-танымдық экскурсия

16 Наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Бизнес және құқық» жоғары мектебі, Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының профессорлары Барлыков Е.К., Жунисова Г.А., «Экономика » мамандығының докторанттары Қаракұлова А.Б., Шегiр Г.Б., Найманова Ж.Т., Нурпеисов А.И. ұйымдастыруымен Түркменстаннан келген студенттерге ғылыми-танымдық экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында студенттер ҚР Ұлттық музейіне барды, мұнда мәдениет пен дәстүрдің тарихи-мәдени контексті таныстырылды. Шараның негізгі мақсаты – студенттерді ұлттық салт-дәстүрлер, күнделікті тұрмыс элементтері және мәдени мұрамен таныстыру, ғылыми зерттеу мен танымдық қызығушылықты арттыру.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник