НАУРЫЗНАМА АЯСЫНДА «ЖЫЛЫ ЖҮРЕК» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Наурызнама аясында ‘Жылы жүрек” акциясына орай Бизнес және құқық жоғары мектебінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының ЮП-25-13К тобы және топ кураторы Бейсенбаева М.Т. Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында қайырымдылық іс-шарасын өткізді. 🤝✨
Іс-шараның негізгі мақсаты – орталық тәрбиеленушілеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әлеуметтік қолдау көрсету, мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау болды.
Шара барысында арнайы шақырылған аниматорлар балаларға қызықты ойын-сауық бағдарламасын ұсынып, түрлі байқаулар мен ойындар ұйымдастырды. 🎭🎈 Сонымен қатар, топ студенттері шағын сахналық қойылымдар қойып, ән айтып, би билеп, тәрбиеленушілермен бірге көңілді уақыт өткізді.
Іс-шара соңында студенттер балаларға алдын ала дайындалған тәттілер мен естелік сыйлықтарды табыстады. 🎁 Бұл қайырымдылық акциясы тәрбиеленушілерге қуаныш сыйлап қана қоймай, студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, болашақ заңгерлердің адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етті.

.jpeg)
.jpeg)