«ЕСЕП, АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
«Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының студенттері Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін ерекше мазмұнмен және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде атап өтті.
Мерекелік шара барысында ұлттық өнердің жауһарлары – күмбірлеген күй, әсем ән мен мың бұралған би көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара аясында қатысушылар наурыз көже мен қазақ халқының дәстүрлі ұлттық тағамдарынан дәм татып, ұлттық құндылықтардың маңызын терең сезінді.
Береке мен бірлікті дәріптеген бұл кеш дәстүрлі мәдениет пен заманауи рухты үйлестірген мазмұнды әрі әсерлі мерекеге айналды.





