ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS BY SUBJECT 2026 «АУЫЛ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» РЕЙТИНГІНДЕ ТОП-300 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

✅QS World University Rankings by Subject 2026 қорытындысы бойынша университет әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының қатарына еніп, Agriculture & Forestry «Ауыл және орман шаруашылығы» бағыты бойынша #251–300 аралығында орын алды.
✅QS World University Rankings by Subject 2026 рейтингіне әлем бойынша 6 мыңнан астам университет қатысып, олардың тек 1912-і ғана қорытынды тізімге енгізілді.
✅ Аталған рейтинг университеттің академиялық беделі (Academic Reputation), жұмыс берушілердің пікірі (Employer Reputation), ғылыми жарияланымдардың дәйексөзделуі және Хирш индексі сияқты басты көрсеткіштер негізінде қалыптастырылады. Сондықтан ол жоғары оқу орындарын бағалаудың ең объективті құралдарының бірі болып табылады.
✅Айта кету керек, бұл рейтингке University of Oxford, University of Cambridge секілді әлемнің жетекші университеттері де кіреді.
✅2026 жылы KazNARU өз позициясын 100 пунктке жақсартып, ТОП #351-400-ден #251-300 орынға көтерілді.
✅Бұл жетістік KazNARU-дың жүйелі дамуын және оның жаһандық білім беру кеңістігіндегі беделінің нығаюын айқын көрсетеді.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник