«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы оқытушылары мен студенттерінің сенбілікке қатысуы
Сенбілік 2026 жылғы 27 наурыз күні белгіленген уақытта өткізілді. Кафедра оқытушылары ВХМ-25-10 тобының студенттерімен бірлесіп, университет аумағына бекітілген учаскені қоқыстан тазарту жұмыстарын ұйымдасқан түрде орындады, сондай-ақ аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру шараларына қатысты.
Жұмыс барысында қатысушылар жауапкершілік, ұйымшылдық және белсенділік танытты. Әсіресе студенттердің белсенді қатысуын атап өткен жөн, олар университет аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға қызығушылықтарын көрсетті.
ВХМ-25-10 тобының кураторы Жакупова Ж. студенттерге сенбілікке белсенді қатысқаны, тапсырылған жұмыстарға жауапкершілікпен қарағаны және университет аумағын абаттандыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Мұндай іс-шараларды өткізу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, командалық жұмысты дамытуға және білім алушылар мен қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.



