KazNARU ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
2026 жылдың 1 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытында онлайн және офлайн форматта кездесу өтті. Іс-шара Басқарма Төрағасы–Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлының бастауымен өтті.
Кездесуге Қызылорда облысының 301 мектебінің 10370 мектеп бітіруші түлектері онлайн форматта қосылды. Сонымен қатар, кездесуге қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорлары, сынып жетекшілері, кәсіби бағдар беруші педагогтер, KazNARU басқарма мүшелері, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты..jpeg)
Кәсіби бағдар беру кездесуін ұйымдастыруға келісімін берген Қызылорда облысы Білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлына алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері Елтаева Хорлан Нұрмаханқызы сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге мамандықты дұрыс таңдау жолында пайдалы кеңестер берді.
Іс-шараны Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, жүргізіп, талапкерлерге ҰБТ тапсыруда және оқуға қабылдау талаптары мен ережелері, білім беру бағдарламалары және оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.
Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектер KazNARU университетінің білім беру бағдарламаларымен, халықаралық серіктестіктерімен, академиялық ұтқырлық және қос дипломдық бағдарламаларымен таныстырылды.
Іс-шара барысында в.ғ.к., қауымдастырылған профессор Махашов Еділ оқытушылар атынан сөз сөйлеп, сондай-ақ осы өңірден келіп білім алып жатқан студенттер де білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен студенттік өмірдің кең мүмкіндіктері жан-жақты айтылып, KazNARU университетіне оқуға шақырды.
Кездесу соңында мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауаптарын алды.
Іс-шара қорытындысында KazNARU Қабылдау комиссиясы талапкерлер мен олардың ата-аналарына үздіксіз, жүйелі кеңес беруге, Қызылорда облысының Білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдерімен тікелей ынтымақтастықта жұмыс жасауға KazNARU қабылдау комиссиясы өз тарапынан дайын екені атап өтілді.KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)