ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU 16-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ

2026 жылғы 01 сәуірде Алматы қаласында, КЦДС «Атакент» (№10 павильон) аумағында «Жылыжай, көкөніс шаруашылығы, суару, тыңайтқыштар, гүлдер, ландшафт, усадьба, бау-бақша шаруашылығы, жеміс-жидек дақылдары және өсімдік питомниктері» тақырыбындағы 16-шы Халықаралық мамандандырылған көрменің ашылуы өтті.

Көрме Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның, ҚР ҰКП «Атамекеннің», «DAMU» қорының, Алматы қаласы әкімдігінің, Нидерланд Корольдігінің Елшілігінің және ENACTUS Kazakhstan ұйымының ресми қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға әлемнің 10 елінен өкілдер және аграрлық сектордың 70-тен астам компаниясы қатысты.

Ұйымдастырушылардың шақыруымен көрмеге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) қатысып, университеттің өсімдіктерді микроклондау зертханасы, «Агробиология» факультеті және «Интенсивті бақ» орталығы көрме жұмысына белсенді түрде атсалысты.

Көрме аясында университет білім беру бағдарламалары мен дуалды оқыту жүйесін таныстырып, агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлау бағыттары бойынша ақпарат берді, сондай-ақ Ғылыми-білім беру технологиялық платформасының, ғылыми орталықтар мен зертханалардың қызметін, өсімдіктерді микроклоналды көбейту зертханасының мүмкіндіктерін және білім алушыларға арналған тәжірибелік-оқу базасын ұсынды.

Ерекше назар Қазақстан Республикасының патентіне ие және халықаралық патенттеу кезеңінде тұрған «Тумат» инновациялық отандық препаратының таныстырылымына аударылды.

Іс-шара барысында ақпараттық және кәсіби бағдар беру материалдары кеңінен таратылып, фермерлер мен бизнес өкілдері тарапынан жоғары қызығушылық байқалды. Сонымен қатар Қытай, Еуропа елдері, Ресей, Беларусь, Үндістан, Өзбекстан және Қазақстан Республикасынан келген компаниялармен іскерлік байланыстар орнатылып, болашақ ынтымақтастық бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізілді.

Университеттің аталған көрмеге қатысуы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, ғылым, білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ отандық аграрлық білімнің беделін арттыруға ықпал етеді. Көрмеге қатысуды ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары Қазақстан–Нидерланды орталығы «Интенсивті бақ» жетекшісі, жауапты орындаушы Кайсанова Гулмираның қатысуымен жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырылды.

Аталған іс-шараға қатысу барысында университеттің құрылымдық бөлімшелері тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді. Көрмені ұйымдастыру мен жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан барлық қызметкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Әсіресе, университеттің полиграфия орталығының ұжымына жоғары кәсібилігі, жеделдігі және таратпа материалдарды сапалы дайындағаны үшін ерекше алғыс білдіреміз. Сонымен қатар, көрме ұйымдастырушыларына іс-шараны жоғары деңгейде өткізіп, кәсіби ұйымдастырғаны және тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік жасағаны үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

     
    
       
   
   
    
   
   
   
 
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник