KazNARU СТУДЕНТТЕРІНЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ ФИЛЬМДЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ АРҚЫЛЫ НАСИХАТТАЛДЫ
2026 жылдың 2 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жастар арасындағы есірткі тасымалдау қылмыстары мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Шара «Хулиганка» және «Не книжные закладки» қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімінен кейінгі кең тұрғыда талқылау форматында өтті.
.jpeg)
Іс-шараның мақсаты – осы қысқаметражды фильмдер арқылы жастар арасында агрессия, буллинг, кибербуллинг және психологиялық қысымның және есірткі тасымалының алдын алу, сондай-ақ студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Кездесудің модераторы - Жастар ісі жөніндегі басқарманың әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша жетекші маманы Мақсат Иманбеков кіріспе сөзінде жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың бойында жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесудің модераторы - Жастар ісі жөніндегі басқарманың әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша жетекші маманы Мақсат Иманбеков кіріспе сөзінде жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың бойында жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
.jpeg)
Шара барысында «Хулиганка» қысқаметражды фильмі студенттер назарына ұсынылды. Фильм жастар арасындағы агрессия, көшедегі тәртіпсіздік пен оның салдары туралы баяндайды. Картинада кейіпкерлердің құқық бұзушылыққа қалай бой алдырғаны және оның жеке өміріне, болашағына тигізетін кері әсері көркем түрде көрсетілген. Ал «Не книжные закладки» фильмі есірткі тасымалдау мәселесін көтеріп, жастарды заңсыз әрекеттерден аулақ болуға үндеу жасады.
.jpeg)
Аталған фильмдердің көрсетілімдерінен соң жүргізілген талқылауға студенттермен бірге Алматы қаласы Медеу ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Альмерден Айтпенбет, Медеу ауданы Полиция Басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Мира Үсенова, университеттің «Гармония» психологиялық қолдау қызметінің психологы Әлішер Мыңбай, студенттік омбудсмен Күзен Назерке, декандардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, кураторлар қатысты. Талқылау «фактілер → себептер → салдарлар → қорытындылар мен әрекеттер» жүйесімен жүргізілді. Студенттер талқылауға белсене қатысып, фильмдегі оқиғалардың себептері мен механизмдері, олардың салдарларына қатысты өз ойларын білдірді. Ашық форматтағы диалог жастардың өзекті мәселелерді еркін талқылауына мүмкіндік берді. Құқық қорғау органдарының өкілдері білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, қаладағы құқықбұзушылық статистикасын баяндап, зорлық-зомбылық пен есірткі «закладкаларының» қауіптілігі туралы ақпарат берді. Психолог-маман Әлішер Мыңбай талқылау барысында жастардың мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайына қатысты кеңестерін ұсынды.

Модератор М.Иманбеков шараны қорытындылай келе, есірткі заттарын заңсыз айналымға қатыстыруға байланысты әрекеттер, оның ішінде «закладчиктер/курьерлер», Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабына (заңсыз әрекеттер сату/тарату мақсатында) сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын және зорлық-зомбылық әрекеттерінің құқықтық салдарын түсіндірді. Яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. Ол қорытынды сөзінде барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жастарды саналы өмір салтын ұстануға шақырды.
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)