«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
2026 жылғы 3 сәуірде ҚазҰАЗУ-дың «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасында «Су ресурстары және ІТ-технологиялар» факультеті деканының орынбасары Рыскулбекова Л.М.-ның жетекшілігімен сенбілік өтті.
Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар белсенді қатысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде аумақ тазартылып, тәртіпке келтірілді, айнала анағұрлым таза әрі жайлы болды.
Сенбілік тек пайдалы іс қана емес, сонымен қатар ұжым мен студенттердің бірлігін нығайтатын жақсы мүмкіндік болды.
Барлық қатысушыларға белсенділігі, жауапкершілігі және ортақ іске қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз! Бірге біз оқу корпусымызды қайта оралғың келетін жайлы орынға айналдырамыз.

