Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізілді!
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Су ресурстары және IT-технологиялар» факультетінің студенттері, атап айтқанда «АЖ 24-07», «ЖИ 25-13», «АЖ 25-01», «АЖ 25-02», «АЖ 25-04», «АЖ 25-05», «АЖ 25-06» мамандықтарының студенттері, топ кураторлар Сапиева Г.Е., Бердымұрат Ш., Сейдалиева Г.О., Абиева А.Ж., Нұржаубаева Р.Б., Медетбаева С.М., Тенгаева А.А. мен бірлесе отырып, университет аумағына іргелес территорияны тазалау бойынша сенбілікке белсенді қатысты.
Іс-шара ұйымшылдық, жауапкершілік және экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуға деген ұмтылыс атмосферасында өтті. Акцияға қатысушылар жасыл аймақтарды, аллеяларды және іргелес аумақтарды тазалап, құрғақ жапырақтардан арылтып, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.
Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Сенбілік барысында студенттер тек тазалық жұмыстарымен ғана айналыспай, сонымен қатар қоршаған ортаға ұқыпты қараудың, тұрақты дамудың және экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын талқылады.



