ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ АУҚЫМДЫ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті профессорлық-оқытушылар құрамы мектептер мен колледждерде ауқымды кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.
✅ Атап айтқанда, «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының оқытушылары Муташева Г.С. және Букенова Э.А. №4 Пушкин атындағы гимназия базасында оқушылармен кездесу өткізіп, мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
✅ Сонымен қатар, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Т.К. Боранбаева Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырды. Кездесулер барысында А. Аскаров атындағы №77 мектеп-лицейінде 144, №87 мектепте 103, №137 мектепте 176 және Тамақтану индустриясы және сервис колледжінде 26 бітірушімен кездесулер өткізіліп, нәтижесінде жүздеген оқушы қамтылды.
✅ «Инженерлік технологиялар» факультеті де бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді түрде жалғастыруда. И.В. Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының оқытушылары Дәулетбек Д.Д. мен Исмайлова Ш.Б. әл-Фараби атындағы бейіндік мектеп базасында 47 оқушымен кездесу өткізіп, олардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар берді.
✅ Сондай-ақ «Энергетика және электротехника» кафедрасының аға оқытушылары Алматы электромеханикалық колледжінде болып, бітіруші түлектермен кездесіп, техникалық мамандықтардың артықшылықтарын түсіндірді.
✅ «Н.О. Базанова атындағы жануарлар биологиясы» кафедрасының профессоры Қайруллаев К.Қ. №65 мектеп-гимназия оқушыларымен кездесу өткізіп, 11-сыныптың 117 түлегіне кәсіби бағдар берді. Кездесу барысында оқушыларға ақпараттық материалдар таратылып, QR-код арқылы сауалнама жүргізілді.
✅ Кәсіби бағдар беру барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, сондай-ақ болашақтағы кәсіби даму бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
✅ Жалпы алғанда, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті профессорлық-оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге дұрыс мамандық таңдауға көмектесу, олардың қызығушылықтарын анықтау және еліміздің аграрлық саласына білікті мамандар даярлауға үлес қосу болып табылады.
 
KazNARU Баспасөз қызметі
   
---------Chatbot---------
виртуальный помощник