KazNARU МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
2026 жылдың 9 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 11 сынып оқушыларымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытында онлайн және офлайн форматта кездесу өтті. Іс-шара Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызының бастауымен өтті.
Маңғыстау облысында бір мезгілде бірнеше ауқымды іс-шаралардың өтуіне байланысты кездесуге 2500-ден мектеп бітіруші түлектер онлайн форматта қосылды. Кездесуге сондай-ақ қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, сынып жетекшілері, кәсіби бағдар беруші педагогтер, KazNARU басқарма мүшелері, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар белсенді түрде қатысты.
Кәсіби бағдар беру кездесуін өткізуге келісімін берген Маңғыстау облысы Білім басқармасының басшысы Кумбаев Амантай Яссауиұлына алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық білім басқармасы Мектепке дейінгі орта білімді дамыту және цифрлық технологиялар бөлімінің бас маманы Нурпеисова Ляззат Нурпеисовна сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге мамандықты дұрыс таңдау жолында оң шешім қабылдауға шақырды.
Іс-шараны Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, жүргізіп, талапкерлерге ҰБТ тапсыруда және оқуға қабылдау талаптары мен ережелері, білім беру бағдарламалары және оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.
Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектер KazNARU университетінің білім беру бағдарламаларымен, халықаралық серіктестіктерімен, академиялық ұтқырлық және екі дипломдық бағдарламаларымен таныстырылды.
Іс-шара қорытындысында KazNARU Қабылдау комиссиясы талапкерлер мен олардың ата-аналарына үздіксіз, жүйелі кеңес беруге, Маңғыстау облысының Білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдерімен тікелей ынтымақтастықта жұмыс жасауға KazNARU қабылдау комиссиясы өз тарапынан дайын екені атап өтілді.KazNARU Баспасөз қызметі







