KazNARU-да ҒЫЛЫМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
2026 жылғы 9 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Цифрлық аграрлық ғылым: жасанды интеллект дәуіріндегі білім, зерттеу және өндіріс синергиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара аграрлық ғылым саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект жүйелерін интеграциялау мәселелерін талқылауға бағытталды.

Іс-шараның мақсаты – аграрлық ғылым мен өндіріс арасындағы өзара әрекеттестіктің өзекті мәселелерін талқылау, соның ішінде саланы цифрландыруды дамыту, ғылыми зерттеулер нәтижелері мен цифрлық шешімдерді өндірісте енгізу тетіктерін қарастыру, сондай-ақ нақты ұсынымдар әзірлеу.
Дөңгелек үстел барысында Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, профессор Пірімқұл Ибрагимов қатысушыларды 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келген мереке – Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде агроөнеркәсіптік кешенінің тиімді дамуы цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуімен, үлкен деректерді талдаумен, өндірістік процестерді автоматтандырумен, дәлме-дәл егіншілікті дамытумен және ресурстарды цифрлық мониторингтеумен тығыз байланысты екеніне назар аударды.

Дөңгелек үстелге университеттің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, жетекші ғалымдары, докторанттары мен магистранттары, сондай-ақ Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен ғалымдары қатысты. Қатысушылар агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру және жасанды интеллектіні ауыл шаруашылығында қолдану бағыттарындағы өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.

Іс-шара барысында салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, аталған ғылыми зерттеу институттары мен KazNARU ғалымдарына аграрлық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР ҰҒА Президенті, ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректоры, академик А. Күрішбаевтің алғыс хаты мен төсбелгілер табысталды.
Өткізілген дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу және заманауи цифрлық шешімдерді қолдану аграрлық ғылымды дамытудағы басым бағыттар ретінде қабылданды. Қатысушылар білім, ғылым және өндіріс арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту, ғылыми зерттеулер нәтижелерін практикаға тиімді енгізу және инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру арқылы агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігін ерекше атап өтті.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
