KazNARU-да ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Наурыз-думан» мерекесіне дайындық жұмыстары ерекше қарқынмен жалғасуда. Университеттің Орталық стадионы бүгін нағыз мерекелік алаңға айналып, әр бұрышында қызу тіршілік пен еңбектің лебі сезілуде.
Этноауылдың киіз үйлері тігіліп, ішкі безендіру жұмыстары жүргізілуде. Ұлттық нақыштағы көріністер, ою-өрнектер, мерекелік композициялар арқылы қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрі айқын көрініс табуда. Студенттер мен оқытушылар бірлесіп, әрбір детальға дейін мән беріп, мерекенің сән-салтанатын арттыруда.
Қыздарымыз Наурыздың басты берекесі мен көркі саналатын Наурыз көже дайындап, ыстық бауырсақтарын пісіріп, ертеңгі дастарханның дәмін келтіретін ұлттық тағамдарды әзірлеуде.
Спорт алаңдарында ұлттық ойындарға арналған орындар жасақталып, асық ату, садақ тарту, қазақ күресі сынды сайыстарға дайындық та қатар жүріп жатыр. Барлық факультеттер өзара белсенділік танытып, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосуда.
Осы бір қарбалас сәттен дайындық барысының жарқын көріністерін назарларыңызға ұсынамыз.
Ертең өтетін «Наурыз-думан» мерекелік іс-шарасына баршаңызды асыға күтеміз!
📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 11 сәуір
⏰Басталуы: 10:00
📍 Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай 8, ҚазҰАЗУ Орталық стадионы
📍 Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай 8, ҚазҰАЗУ Орталық стадионы
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

