KazNARU-да КІТАП ДЕКАДАСЫ БАСТАЛДЫ

KazNARU-да КІТАП ДЕКАДАСЫ БАСТАЛДЫ

✅23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Кітап оқу – рухани әлемге бастар жол» атты кітап декадасы бастау алды.
✅Декада «Мен оқыған бір кітап» челленжімен ашылды, бұл челлендж студенттер мен оқытушыларды кітап оқуға, өзара пікір алмасуға және рухани дамуға үндейді. Бұл бастама оқырман мәдениетін қалыптастырып, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
✅Декада аясында жоспарланған іс-шаралар мазмұндық тұрғыдан әр алуан бағытты қамтиды.
✅15 сәуір күні «Кітап – рухани қазына» тақырыбында онкүндіктің ресми ашылуы өтіп, кітап көрмесі ұйымдастырылады.
✅16 сәуірде «Бар білім - кітапта» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, қатысушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларымен бөліседі.
✅ 17 сәуір күні «Абай әлемі» атты көрме-викторинасы Абай мұрасы мен «Толық адам» тұжырымдамасы насихаттауға арналады.
✅ Сонымен қатар "Кітап сыйла!» акциясында осы декада күндері оқытушылар мен студенттер бір-біріне және кітапхана қорына құнды кітаптар сыйлап, рухани және білімдік қорды байытуға өз үлестерін қосатын болады.
✅20 сәуірде «Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі» тақырыбында әдеби вернисаж өтіп, ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдерінің шығармашылығы таныстырылмақ.
✅Ал 21 сәуірде «Мен оқыған қызық кітап» атты диспут пен онлайн көрме жоспарлануда және студенттер өздері оқыған шығармалар бойынша пікір алмасады.
✅Кітап декадасы 23 сәуір күні «Кітап – асыл қазына» тақырыбындағы салтанатты жабылу рәсімімен қорытындыланып, белсенді қатысушылар марапатталатын болады.
✅Аталған іс-шаралар топтамасы жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың рухани-мәдени дамуына оң ықпал етеді.
✅Кітап оқиық – болашағымызды жарқын етейік!
KazNARU Баспасөз қызметі
---------Chatbot---------
виртуальный помощник