ҚАУІПСІЗ ЦИФРЛЫҚ ПРОФИЛЬ – ЦИФРЛЫҚ ЭТИКАНЫҢ НЕГІЗІ
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастар арасында цифрлық этиканы сақтау, кибербуллингтің алдын алу бағытында «Қауіпсіз цифрлық профиль» атты интерактивті ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - студент жастардың цифрлық кеңістіктегі мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, әлеуметтік желілердегі жауапкершілікті арттыру, кибербуллингтің психологиялық салдарын түсіндіру және қатысушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту болды. Сонымен қатар студенттерге онлайн ортадағы этикалық нормаларды сақтау, жеке шекараны қорғау және цифрлық қауіпсіздік қағидаларын түсіну мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Интерактивті ойын және рөлдік симуляция негізінде өткізілген шарада қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, «Цифрлық сот: кінәлі ме, кінәсіз бе?» атты рөлдік ойынға қатысты. Ойын барысында студенттер үкімет, оппозиция және куәгер рөлдеріне бөлініп, кибербуллинг пен әлеуметтік желідегі жауапкершілікке байланысты өмірлік жағдайларды талқылады. Әр ситуацияда қатысушылар әртүрлі көзқарасты қорғап, шешім қабылдауда сыни ойлау мен дәлел келтіру дағдыларын қолданды.
Ойын соңында университеттің психолог - маманы Әлішер Мыңбай әлеуметтік желідегі жауапкершілік, кибербуллинг және оның психологиялық әсері, анонимдік аккаунттардың қауіптері мен мүмкіндіктері, жеке шекара мәселесі, топтық қысымның әсері және куәгер рөлінің маңыздылығына тоқталып, белсенді қатысушыларды сыйлықтармен марапаттады. Студенттер әрбір цифрлық әрекеттің нақты психологиялық және әлеуметтік салдары болатынын тәжірибе арқылы түсінді.
Жалпы алғанда, өткізілген іс-шара студенттердің цифрлық ортадағы мінез-құлық мәдениетін арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және жауапкершілікті шешім қабылдауға бағытталған тиімді психологиялық-педагогикалық тәжірибе ретінде бағаланды.KazNARU Баспасөз қызметі

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)