«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Жаңа Конституция – жаңа қоғамдық келісім» тақырыбында студенттерге арналған танымдық-талқылау дәрісі өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттіліктің құқықтық негізін айқындайтын және қоғамдық дамудың стратегиялық бағытын белгілейтін басты құжат. Қазіргі кезеңдегі конституциялық реформалар жаңа қоғамдық келісімді нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған.

Осы тұрғыда жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және конституциялық құндылықтарды ілгерілету білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл туралы Бизнес және құқық жоғары мектебінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Ажинурина Динара Ажинуровна атап өтті.

Дәріс барысында спикер, заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Байгелова Н.Е. конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын түсіндіріп, жаңа қоғамдық келісімнің мазмұны мен маңызына тоқталды. Сонымен қатар, құқықтық мемлекет қағидаттары, заң үстемдігі және азаматтардың жауапкершілігі мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Мұндай дәрістер білім алушылардың құқықтық санасын арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник