ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫ МЕН ЖАҢАРУЫНЫҢ КЕПІЛІ
Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясын түсіндіруге арналған танымдық дәріс өткізілді.
Дәрісті Жалпы білім беру пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Қожабекова А.Д. жүргізді. Дәріс «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында ұйымдастырылып, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ Конституцияның қоғамдағы маңызы мен рөлін тереңірек түсіндіруге бағытталды.
Дәріс барысында студенттер Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен танысып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін ықпалын жан-жақты талқылады. Сонымен қатар Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ олардың міндеттері кеңінен қарастырылды.
Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі мазмұнды жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Аталған шара студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастырып, құқықтық мәдениетін арттыруға және ел болашағына деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.
Саналы ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!