ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ
Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультетінде студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған кезекті дәріс өтті. Іс-шара «Жаңа Конституция – ел жаңаруы мен дамуының негізі» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.
.jpeg)
Дәрісті Жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы Н.Б. Тәуекелова жүргізіп, Конституциялық реформалардың мазмұнына ерекше тоқталды. Спикер өз баяндамасында жаңа Конституция жобасының қоғамдағы өзгерістерге жауап ретінде қабылданған маңызды құжат екенін атап өтті.
.jpeg)
Дәріс барысында қатысушылар елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңғыру үдерістерінің мәні мен бағыттары туралы кеңінен мәлімет алды. Атап айтқанда, 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген бүкілхалықтық референдумға ұсынылған құжаттың негізгі тұжырымдамалары, билік тармақтарының өзара іс-қимылы, азаматтардың құқықтық мәртебесі мен жауапкершілігі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттер Конституцияның тек құқықтық құжат қана емес, ел дамуының стратегиялық бағдарын айқындайтын маңызды құрал екеніне назар аударды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, білім алушылар өз көзқарастарын білдіріп, өзекті сұрақтарын қойды. Бұл өз кезегінде олардың қоғамдық үдерістерге деген қызығушылығын арттырды.
Мұндай мазмұндағы дәрістер жастардың құқықтық ойлау қабілетін дамытып, саналы азамат ретінде қалыптасуына ықпал етеді.


.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)