«КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
2026 жылдың 16 сәуір күні Ғылыми кітапхана Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай «Кітапханаға кітап сыйла» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында Ғылыми кітапхана қоры жаңа құнды кітаптармен толықты.


Кітап сыйлау – тек игі дәстүр ғана емес, болашақ ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Акция барысында кітапхана қорына құнды кітаптар қосылып, оқырмандар үшін білім мен шабыттың жаңа көзіне айналды.
Барлық қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!


