Latin Medicus Battle

Latin Medicus Battle

Latin Medicus Battle: Латын тілі – медицинаның алтын кілті!

Жақында біздің оқу орнымызда ерекше форматтағы «Latin Medicus Battle» танымдық-ойын сайысы өтті. Болашақ ветеринария саласының мамандары латын терминологиясын меңгерудегі шеберліктері мен жылдамдықтарын сынға салды.

📍 Сайыс барысы:

Сайысқа «Medicus» және «Sanitas» бағытындағы 6 команда қатысты. Дода бірнеше қызықты кезеңнен тұрды:

  1. «Жылдам жауап» – блиц-сұрақтар.
  2. «Quizziz» – цифрлық форматтағы жекелей сын.
  3. «Сөздерді құрастыру» – логика мен білім ұштасқан сәт.
  4. «Терминді талда» – кәсіби деңгейді тексеру.
  5. «Мақал-мәтелдер» – шешуші кезең.

Сайыс барысында Вет-25-04 тобының студенттері Қасымбай Нұрқанат пен Есентайқызы Аяжан латын тілінде мәнерлеп өлең оқыса, Қанат Зере өзінің музыкалық нөмірімен көрерменді тәнті етті.

👩⚖️ Әділ қазылар алқасы:

Қамбарбеков А.Т., Ерназарова С.Т., Бердалина А.Ж., Шытырбаева З.А., Өтебаев Ж.М. және Мұрат Гүлден студенттердің білімін әділ бағалады.

🏆 Нәтиже:

🥇 1-орын: Вет-25-03 тобы

🥈 2-орын: Вет-25-01 тобы

🥉 3-орын: Вет-25-13 тобы

Алғыс хаттармен Вет-25-05, Вет-25-06, Вет-25-08 топтары марапатталды.

Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Латын тілі – сіздердің кәсіби шыңдарыңызға бастайтын жол!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник