KazNARU ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
2026 жылдың 15 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 11 сынып оқушыларымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытында онлайн және офлайн форматта кездесу өтті.

Іс-шараны Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызының бастауымен өтті.
Айта кетейік, бұл кездесуге Павлодар облысының 25 мектебінен 1250 бітіруші түлектері онлайн форматта қосылды. Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған бұл шара колледж бітірушілері үшін кәсіби бағдар алуға, орта арнаулы алған мамандықтары бойынша әрі қарай қысқартылған мерзімде мемлекеттік грант есебінде жоғары оқу орнында білімін жалғастыру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алуға үлкен мүмкіндік болды.
Кәсіби бағдар беру кездесуін өткізуге келісімін берген Павлодар облысы Білім басқармасының басшысы Әбенова Әйгерім Еркенқызына алғысымызды білдіреміз.
Кездесуді Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, Қабылдау комиссиясының жетекші маманы Динара Бекбаева университетке оқуға қабылдау ережелеріндегі жаңалықтармен таныстырып, аграрлық мамандықтарды меңгеруге ынтасы бар үміткерлерге, оның ішінде тұрмысы төмен немесе көпбалалы отбасынан шыққан жастарға жасалатын жеңілдіктерге кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектер KazNARU университетінің білім беру бағдарламаларымен, халықаралық серіктестіктерімен, академиялық ұтқырлық және екі дипломдық бағдарламаларымен таныстырылды.
Іс-шара қорытындысында KazNARU Қабылдау комиссиясы талапкерлер мен олардың ата-аналарына үздіксіз, жүйелі кеңес беруге, Павлодар облысының Білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдерімен тікелей ынтымақтастықта жұмыс жасауға KazNARU қабылдау комиссиясы өз тарапынан дайын екені атап өтілді.
KazNARU Баспасөз қызметі

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
