KazNARU-да «ECOWATER: СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ» АТТЫ ИНТЕРАКТИВТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫН ӨТТІ

KazNARU-да «ECOWATER: СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ» АТТЫ ИНТЕРАКТИВТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫН ӨТТІ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде экологиялық  «Green StudentLife - 2026» онкүндігі жалғасуда. Осыған орай, 2026 жылғы 21 сәуір күні «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «EcoWater: Су – тіршілік көзі» атты интерактивті экологиялық ойын өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің су ресурстарын ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы білімдерін арттыру. Ойын барысында қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, су сапасы, оның маңызы және экологиялық мәселелер жөніндегі өз білімдерін ортаға салды.
Танымдық әрі мазмұнды форматта өткен шара студенттердің белсенділігін арттырып, табиғатты аялау мен су ресурстарына жауапкершілікпен қарау мәдениетін нығайта түсті. «Су – тіршілік көзі» екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл бастама жастардың экологиялық сана-сезімін қалыптастыруға өз үлесін қосты.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник