KazNARU-да «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҮШ БӘЙТЕРЕГІ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ
2026 жылғы 20 сәуір күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасында «23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні» онкүндігі аясында «Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында студенттер қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлин шығармашылық мұрасы туралы баяндамалар жасап, слайдтық таныстырылымдарын ұсынды. Сонымен қатар қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, әдеби мұра жөнінде пікір алмасты.
Іс-шара аясында «Кітап – рухани қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға кеңінен таныстырылды.
«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушысы Ахантаева Гүлазия Жағыпбарқызы ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, студенттерге кітап оқудың маңыздылығын насихаттады.
Танымдық әрі мазмұнды өткен іс-шара студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)



