KazNARU-да «БОЛАШАҚТЫҢ ЭКО-СТАРТАПТАРЫ» ЭКОХАКАТОНЫ ӨТТІ
2026 жылғы 21 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Болашақтың эко-стартаптары» атты экохакатон аясында креатив пен бизнеске арналған үздік AI құралдары бойынша «Тұрақты даму мақсаттары» бойынша стартап жобаларының презентациясы өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға нақты кейстер негізінде инновациялық идеялар ұсынылып, стартаптар мен бизнес саласындағы заманауи үрдістер кеңінен таныстырылды. Бағдарлама аясында сарапшы спикерлердің баяндамалары тыңдалып, қатысушылар өз жобаларын таныстырып, питчинг форматында қорғады.
.jpeg)
.jpeg)
Сонымен қатар, кездесуде бизнес-процестерге жасанды интеллектті тиімді енгізу жолдары талқыланып, заманауи цифрлық шешімдердің артықшылықтары көрсетілді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа идеялар ұсынып, тәжірибе бөлісті.
Аталған іс-шара студенттерге, жас ғалымдарға және стартаперлерге жаңа білім мен тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға және болашақтағы бірлескен жобаларды дамытуға мүмкіндік берді.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті инновациялар мен стартап бастамаларын қолдауға және серіктестік байланыстарды дамытуға әрдайым ашық.
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

