«ЖАҢА ШЫНДЫҚТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ЖАСТАР – ӨЗГЕРІСТЕР ДӘУІРІНДЕ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

«ЖАҢА ШЫНДЫҚТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ЖАСТАР – ӨЗГЕРІСТЕР ДӘУІРІНДЕ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа шындықтағы Қазақстан: жастар – өзгерістер дәуірінде» атты онлайн форматтағы семинар-тренинг жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шараға университеттің белсенді жастары, сондай-ақ Жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Сманов Әшірәлі Жүсіпұлы мен басқарма маманы Нұрлыайым Қанатқызы қатысты.
Семинар-тренинг барысында Президенттік орталықтың жетекші ғылыми қызметкері Хамитова Ақбота Камоевна «Әділетті Қазақстан» саяси бағдары: институционалдық реформалар және жаңа қоғамдық этика, сондай-ақ «Жастар – жаңғыртудың негізгі факторы: мүмкіндік және жауапкершілік» тақырыптарында мазмұнды дәріс оқыды. Дәріс аясында еліміздегі жүргізіліп жатқан реформалардың мәні мен маңызы, олардың қоғам дамуына ықпалы және жастардың мемлекет өркендеуіндегі рөлі жан-жақты талданды.
Іс-шараның тәжірибелік бөлімін Президенттік орталықтың аға сарапшысы Үмбетова Күнзия Ағымбайқызы жүргізді. Студенттер интерактивті тапсырмалар мен топтық жаттығулар орындау арқылы теориялық білімдерін бекітіп, сыни ойлау қабілеттерін, коммуникациялық дағдыларын және көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыс түрлеріне белсене қатысты.
Семинар соңында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Жалпы алғанда, аталған семинар-тренинг жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығын күшейтуге және заманауи құндылықтарды қалыптастыруға ықпал еткен маңызды танымдық алаң ретінде бағаланды.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник