KazNARU СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
2026 жылдың 22 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 11 сынып оқушыларымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытында онлайн және офлайн форматта кездесу өтті.
Іс-шара Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызының бастауымен өтті.

Бұл кездесуге Солтүстік Қазақстан облысының 270 мектебінен 3915 бітіруші түлектері онлайн форматта қосылды. Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған бұл шара мектеп бітірушілер үшін кәсіби бағдар алуға, мемлекеттік грант есебінде жоғары оқу орнында білім алу туралы жан-жақты ақпарат алды.
.jpeg)
Кәсіби бағдар беру кездесуін өткізуге келісімін берген Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Сұрағанова Айнагүл Агыбаевнаға алғысымызды білдіреміз.
Кездесуді Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, жүргізіп, талапкерлерге ҰБТ тапсыруда және оқуға қабылдау талаптары мен ережелері, білім беру бағдарламалары және оқу мүмкіндіктері туралы толық мәлімет берді.
.jpeg)
Кездесу барысында университет факультет декандары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер өз пікірлерін ортаға салып, мектеп бітіруші түлектердің сұрақтарына жауап қайтарды.
«Мамандықты дұрыс таңдау - болашаққа бастар жол» атты онлайн кездесудің оқушыларға өмірден өз орындарын табуларына оң бағыт-бағдар беретінін атап өтіп, ашық жүздесуді ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Іс-шара қорытындысында KazNARU Қабылдау комиссиясы талапкерлер мен олардың ата-аналарына үздіксіз, жүйелі кеңес беруге, Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдерімен тікелей ынтымақтастықта жұмыс жасауға өз тарапынан дайын екені атап өтілді.
KazNARU Баспасөз қызметі


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
