KazNARU СТУДЕНТТЕРІ «STREET DANCE — 2026» АЛАҢЫНДА БАҚ СЫНАСТЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде факультетаралық «STREET DANCE» атты дәстүрлі би сайысы ашық аспан астында өткізілді. Университет студенттері арасында жыл сайын өтетін бұл сайыс биыл да жоғары белсенділікпен өтіп, 5 факультеттің команда өкілдерін бір алаңға жинады. Іс-шараны Жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы Сманов Әшірәлі Жүсіпұлының басшылығымен ұйымдастырылды.

Сайыстың әділ қазылық алқасы өз саласының білікті мамандарынан құрылды. Алқа құрамына «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің түлегі, педагог-хореограф Рахимова Айдана Қанатбекқызы; «UAQYT» қоғамдық қорының Төрағасының орынбасары Балдырған Айша; Жүргенов өнер академиясының түлегі, «Театр және кино» актрисасы Күшербаева Хиуа; кадрлармен жұмыс бөлімінің маманы Ғалымжан Қалампыр Еділбайқызы және «ZeroX» би командасының жетекшісі Хамит Ақмаржан Нұрболатқызы кірді. Тәжірибелі сарапшылардан құралған алқа мүшелері қатысушы командаларды «Көріністі би» және «Флешмоб» бағыттары бойынша жан-жақты бағалады.
САЙЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Әділқазы алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1 орын — 100 000 теңге
«Ветеринария және Зооинженерия» факультеті — «RED FLAG» құрамасы
🥈 2 орын — 60 000 теңге
«Су ресурстары және IT технологиясы» факультеті — «TSUNAMI» құрамасы
🥉 3 орын — 40 000 теңге
«Инженерлік-технологиялар» факультеті — «TYNYS» құрамасы
Әділқазы алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1 орын — 100 000 теңге
«Ветеринария және Зооинженерия» факультеті — «RED FLAG» құрамасы
🥈 2 орын — 60 000 теңге
«Су ресурстары және IT технологиясы» факультеті — «TSUNAMI» құрамасы
🥉 3 орын — 40 000 теңге
«Инженерлік-технологиялар» факультеті — «TYNYS» құрамасы
АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР
🏆 «Көрермен көзайымы» — 20 000 теңге
«Агробиология» факультеті — «SHADOW LEGENDS» құрамасы
🏆 «Ең үздік флешмоб» — 20 000 теңге
«Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультеті — «SYRENA» құрамасы
Университет басшылығы барлық қатысушы команда мүшелерін жоғары шығармашылық деңгейімен өткізілген сайыс үшін құттықтап, болашақта да осындай іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастыру мақсатын білдірді.