«CLEAR MIND» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ: ІШКІ ҮЙЛЕСІМ МЕН ДАМУ НЕГІЗДЕРІ
Жалпыуниверситеттік «Green StudentLife – 2026» экологиялық онкүндігі шеңберіндегі іс-шаралар "Жалын» студенттік жатақханасында өткізілген «Clear Mind» семинар-тренингімен толықты. Іс-шараны «Harmony» психологиялық қолдау қызметі ұйымдастырды.
Студент жастардың психологиялық саулығын нығайту, күйзелістің алдын алу және саналы өмір салтын қалыптастыру мақсатын көздеген семинарда тұлғаның ішкі мәдениеті мен қоршаған ортамен байланыс арасындағы үйлесімділік мәселелеріне назар аударылды.
Семинар-тренингке қатысушылар психологиялық жаттығулар мен топтық тапсырмалар арқылы эмоциялық күйді реттеу тәсілдерін меңгеріп, тиімді коммуникация дағдыларын дамытты.
Тренинг барысында студенттерге ішкі тепе-теңдікті сақтау, күйзелісті басқару және өмір сапасын арттыру тетіктері бойынша практикалық кеңестер ұсынылды. Семинар-тренинг студенттердің тек психологиялық саулықты нығайтып қана қоймай, ішкі дүние тазалығын сақтаудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Ішкі үйлесім мен сана тазалығы – қоршаған орта тазалығының да негізі. Әрбір жас жан тазалығымен қатар ойы мен іс-әрекетін үйлесімді ұстағанда ғана «Таза Қазақстан» идеясын жүзеге асыруға нақты үлес қоса алады.

.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)