ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДЕКАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТАБИҒАТҚА ЖАУАПКЕРШІЛІК – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде республикалық «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Green Student Life – 2026» экологиялық декадасының жабылу салтанаты өтті. Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған бұл декада биыл мазмұны жағынан едәуір кеңейіп, көптеген танымдық және тәжірибелік іс-шараларды қамтыды.
.jpeg)
.jpeg)
Жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Сманов Әшірәлі Жүсіпұлы декада аясында өткізілген іс-шараларға қысқаша тоқталып, бұл тек қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар жиынтығы ғана емес, сонымен қатар әрбір тұлғаның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыс екенін атап өтті.
«Агробиология» факультетінің аға оқытушысы, «Агро» экоклубының жетекшісі, биология ғылымдарының кандидаты Букенова Эльмира Абайқызы экоклубтың табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстары туралы баяндады.
.jpeg)
Декаданы қолдаушылардың бірі – Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Алмасаев Мұханғали Тұрашұлы университетпен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, KazNARU жастарының экологиялық белсенділігін жоғары бағалады.

Университеттің психолог-маманы Мыңбай Әлішер Бекболұлы өз сөзінде қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және табиғатты аялау ісінде сананың тазалығы шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Он күн ішінде факультеттерде «Eco Hiking» акциясы, Іле-Алатауы ұлттық паркінде ағаш отырғызу жұмыстары, Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдерінің қатысуымен экологиялық-танымдық дәріс, «Су – тіршілік көзі» интерактивті іс-шарасы, «Бүгін жинаймыз – ертең сақтаймыз!» тақырыбында пластик қалдықтарды қайта өңдеумен таныстыру шарасы, «Қызыл кітап беттеріне саяхат», «Салауатты өмір салты – тұрақты даму факторы» атты танымдық-тәрбиелік сағаттар, сенбіліктер мен экологиялық акциялар өткізілді. Сонымен қатар Жасыл және тұрақты даму институты «Болашақтың эко-стартаптары» экохакатонын, «Harmony» психологиялық қолдау қызметі «Clear Mind» семинар-тренингін ұйымдастырды.
Жалпыуниверситеттік GREEN STUDENT LIFE – 2026 экологиялық декадасы аясында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрақты дамуды насихаттау ісіне белсене қатысқан бірқатар оқытушылар мен білім алушыларға ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы атынан Алғыс хаттарды тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ералиева Асима Шанбаевна табыс етті.

.jpeg)
.jpeg)
Табиғатты қорғау — күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс жауапкершілік. Табиғат — біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау — әрқайсымыздың парызымыз!
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
